Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өз өзіне қол жұмсамақ болған

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасыз хатшысы Мөлдір Бекеева суицид жасамақ болып, комаға түсті


06/04/2022
16:03 35584 0

 

Таңертеңгісін жұмысқа барғанымда, сағат 8-30-да жұмыс телефоныма Анықтау басқармасының бастығы – Нұрдаулет Сүйеубеков хабарласып, үстімнен қылмыстық іс қозғалғанын айтты және ертең тергеуге келіңіз деп шақырды. Қылмыстық іс ҚР ҚК 378 бабы 1-бөлігімен (Билік өкілін қорлау) ЕРДР 227 900031000227 нөмірімен тіркеуге алынғанын жеткізді. Қаулыны сұрағанымда, «Сіз БАҚ беттеріне жариялап жібересіз деп қорқамыз, ертең түс қайта 15:00-де қолыңызға ұстатамыз, бірақ ешқайда жарияламайсыз деген шартпен және ол үшін арнайы қол қойдырып аламыз, делінген Бекеева өз өзіне қол жұмсар алдында жазып кеткен хатында.

 

Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Мөлдір Бекееваның суицид жасамақ болғанын растады. 

 

Наурыз айының соңында Youtube желісінде жазба пайда болды, онда Шымкент ПД баспасөз қызметінің жетекшісі делінген әйел адам полиция қызметкеріне дөрекі сөздер айтады. Осыған байланысты Шымкент ПД бастығы Қайрат Дәлбеков қызметтік тексеру тағайындаған. Кейіннен өзіндік қауіпсіздік басқармасы аудионы жазып алған полицейдің кім екенін анықтаған. Ол бұл аудионы былтырғы жылдың желтоқсан айында жазып алғанын айтқан. 

 

— Штабтың жедел басқару орталығының офицері және маманы бола тұра, ол бұрынғы ПД басшысының бұйрығы бойынша баспасөз хатшысының қолбасшылығына жіберілген. Ал ол (баспасөз хатшысы - ред.) өз кезегінде, оны күнде кемсітіп, балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған. Бұл ретте Бекеева оны жұмыстан шығарамын деп қорқытқан. Кейін ол бұл жазбаны WhatsApp желісінде бөліскен, ал өзі моральдық және психологиялық қысымға төтеп бере алмай, ауруханаға түсті,  делінген Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жариялаған хабарламада. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/04/2022 16:03
35584 0

Уведомление